Батыс Қазақстан облысында көлігімен үш адамды қағып кеткен аудан әкімінің орынбасары "Нұр Отан" партиясының қатарынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz партияның облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында көлігімен үш адамды қағып кеткен аудан әкімінің орынбасары "Нұр Отан" партиясының қатарынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz партияның облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Нұр Отан" партиясының Теректі аудандық филиалының саяси кеңес бюросының шешімі бойынша Абзал Бірәлиев партия қатарынан шығарылды", - деп хабарлады партияның облыстық филиалының өкілдері.
Еске салайық, 6 сәуір күні сағат 21.00 шамасында Оралдағы сауналардың бірінің жанында Теректі ауданы әкімінің орынбасары Абзал Бірәлиев Toyota Camry автокөлігімен үш адамды қағып кеткен болатын. Зардап шеккендер - баласы бар әйел мен бір жас қыз.
Арада біршама уақыт өткен соң Бірәлиевті мас күйінде жол-патруль полициясының қызметкерлері ұстаған. "Медициналық сараптаманың қорытындсы бойынша автокөлікті басқарған жүргізуші орташа деңгейде мас болған. Бірақ адам қағып кеткенін мойындамады", - деп хабарлады облыстық ІІД мамандары.
Теректі ауданы әкімшілігі өкілдерінің хабарлауынша, бұл факт бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі. "Қызметтік тергеу жүргізу туралы қаулы дайындалып жатыр. Істі қарастыруға байланысты құрамына аудан әкімі мен орынбасарлары кіретін коммисия құрылады. Бұл іс бойынша құқық қорғау орындарындағы барлық материалдар қаралады, айыптының өзінен түсінік хат аламыз. Істі облыстық жоғарғы тәртіптік кеңестің қаралымына жіберу туралы сұрақты қарастырамыз. Жаза туралы шешімді коммисия шығарады", - дейді әкімшілік аппараты жетекшісінің міндетін атқарушы Мансұр Төлегенов.