Үш адамның АИТВ жұқтыруы: атышулы ауруханаға қатысты тергеу аяқталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш адамның АИТВ жұқтыруы: атышулы ауруханаға қатысты тергеу аяқталды

Алматыда үш пациенттің АИТВ-инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тексеру аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда үш пациенттің АИТВ-инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тексеру аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орталық қалалық клиникалық ауруханада жағдайды оқшаулау жөніндегі іс-шаралар кешені пациенттердің АИТВ-инфекциясына уақтылы тестілеу және кәсіби регламенттерді сақтау арқылы жүргізілген.

Эпидемиологиялық тексеру барысында 745 адам тексерілді, олардың ішінде 118 қан доноры және оның компоненттері, 231 медицина қызметкері, 396 пациент бірлесіп стационарлық ем қабылдаған немесе осы бағыт бойынша медициналық ұйымдарға жүгінген. Барлық талдаулардың нәтижелері - теріс.

Эпидемиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша комиссия мүшелері үш пациенттің жұқтыру фактісі, ең алдымен, адами фактормен, атап айтқанда, орта медициналық персоналдың жекелеген қызметкерлерінің инвазивті манипуляциялар жүргізу кезінде операциялық рәсімдер стандарттарын бұзуымен және олардың қызметіне бақылаудың болмауымен байланысты деген қорытындыға келді.

Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің жүйелі бұзушылықтары анықталған жоқ. 2023 жылдың 6 айында қала стационарларында 147 736 адам медициналық көмек алды, оның ішінде реанимациялық көмек - 14 650 пациент, медициналық көмек көрсету кезінде пациенттердің жұқтыру фактілері анықталмаған.

Қазіргі уақытта АИТВ-инфекциясы анықталған барлық үш пациент ЖИТС орталығына диспансерлік есепке қойылды, емдеудің жеке схемасы бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілді, оларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда АИТВ анықталған аурухананың бас дәрігері жұмыстан шеттетілгені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети