"Үш баланы лақтырып, кейін өзі секірді". Куәгерлер Алматыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Үш баланы лақтырып, кейін өзі секірді". Куәгерлер Алматыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты

Алматыда 28 жастағы әйел үш баласымен тұрғын үйдің 9-қабатынан секіріп қаза болды. Куәгерлер оқиға қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 28 жастағы әйел үш баласымен тұрғын үйдің 9-қабатынан секіріп қаза болды. Куәгерлер оқиға қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Марқұммен көрші тұрған ер адам оқиға туралы айтып берді.

"Мен оқиғаны көрмедім, бірақ көршілер әйел алдымен үш баланы терезеден лақтырып, кейін өзі секіргенін айтты. Мен бұл отбасымен іс жүзінде сөйлескен емеспін, олармен амандаспаймыз да. Өз алдына жүрген отбасы. 8-қабаттағы көршім олардың үстінен шағымданып жүретінін білетінмін", - деді ер адам.

Сурет: Tengrinews.kz©

Әйелдің тағы бір көршісі қайғылы оқиға күндізгі бірлер шамасында болғанын айтты.

"Үш пен жеті жас аралығындағы үш бала жерде жатты. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалуға тырысты, өкінішке қарай, екеуі сол жерде қаза болды. Балалар жалаңаш болды, тіпті олардың біреуінде шалбары да болмады. Мұны көргенде жүрегім ауырды. Ата-ана баласының өміріне осылай қарауы сұмдық", - дейді оқиға куәгері Назар Рефан.

Сурет: Tengrinews.kz©

Төмендегі қабатта тұратын әйел де көршісімен мүлде араласпағанын айтты.

"Оларды шынымен, ешкім танымайтын. Осындай жас келіншек өмірден өткені өкінішті", - дейді ол.

Бұған дейін Алматыда әйел кішкентай үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткені хабарланған болатын. Оқиға орнында әйел мен екі бала қаза тапты. Жедел жәрдем көлігінде тағы бір бала қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети