Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ұшақтан қалып қойған әйел "бомбамен" қорқытты 13 сәуір 2014, 17:49

Болгарияның Варна қаласына баруы тиіс жолаушы рейсінен бір сағатқа кешігіп қалған.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

 ©Bilet-avia.ru ©Bilet-avia.ru

Мәскеудің Домодедово әуежайында рейсінен кешігіп қалған әйел ашудан сөмкесінде бомба барын айтқан, - деп хабарлайды "РИА Новости". 

РФ Орталық федералдық округі бойынша Көліктегі ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшағынан қалып қойған әйел рейсті қайтаруды талап еткен. "Ұшаққа отырудан кешігіп қалғаннан кейін арада шамамен бір сағат өткенде ол ұшақты қайтып әкелуді талап етті. Талабы орындалмағаннан кейін сөмкесінде бомба барын мәлімдеді", - дейді баспасөз қызметкері.

Полицейлер рейстен қалып қойған жолаушыны тексеріп, одан жарылғыш затты таппады. Қазір әйелді жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр. Ол Болгарияның Варна қаласына баруы тиіс болған екен.

 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram