Астанада үшінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен екі жасар бала аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада үшінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен екі жасар бала аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 18 маусым күні Астана қаласының Алматы ауданына қарасты Ақбұлақ-3 ықшамауданында орын алған. 2012 жылы туған бала байқаусызда үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Ол әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Осыған ұқсас оқиға сәуір айында Ақтөбеде орын алған еді. Жедел жәрдем қызметіне жатақхананың төртінші қабатынан бала құлап кеткені туралы телефон қоңырауы түскен. Баланың денесінде көзге көрінер қатты жарақат іздері болмағанмен, дәрігерлер баланы тексеруден өткізу үшін ауруханаға жеткізген. Тексеру нәтижесі баланың сүйегі сынбағанын, ішкі ағзаларына зақым келмегенін, қан құйылмағанын анықтаған.