Бейтарап сурет.©Нұрғиса Елеубеков
Қызылорда қаласында бүгін яғни ақпанның 5-нен 6-на қараған түні медициналық айықтырғыштың үшінші қабатынан секіріп кеткен ер азамат көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық медицина орталығы бас дәрігерінің орынбасары Нуриддин Ахметовтің айтуынша, әлгі азамат ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Үшінші қабаттан жерге құлаған 57 жастағы азамат басынан ауыр жарақат алған және аяқ-қолдары бірнеше жерінен сынғандықтан есінен танып қалған. Тіпті, тірі екенін білдіретін белгілер де байқалмаған. Осыған қарамастан дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бар білгендерін қолданған. Алайда, мұндай әрекеттерге қарамастан әлгі азамат бірнеше сағаттан кейін бақи дүниеге аттанып кетті. Қазір оқиғаның себеп-салдары зерттелу үстінде.
Қызылорда қаласында бүгін яғни ақпанның 5-нен 6-на қараған түні медициналық айықтырғыштың үшінші қабатынан секіріп кеткен ер азамат көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық медицина орталығы бас дәрігерінің орынбасары Нуриддин Ахметовтің айтуынша, әлгі азамат ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Үшінші қабаттан жерге құлаған 57 жастағы азамат басынан ауыр жарақат алған және аяқ-қолдары бірнеше жерінен сынғандықтан есінен танып қалған. Тіпті, тірі екенін білдіретін белгілер де байқалмаған. Осыған қарамастан дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бар білгендерін қолданған. Алайда, мұндай әрекеттерге қарамастан әлгі азамат бірнеше сағаттан кейін бақи дүниеге аттанып кетті. Қазір оқиғаның себеп-салдары зерттелу үстінде.