Ақтауда жылаған баланың даусы шықты деп шағымданған тұрғындар енді сотта жауап беруі мүмкін. Себебі сол жылаған баланың анасы көршілерін сотқа бермекші. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақтау қалалық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі сектордың жетекшісі Гүлмира Исмаилова хабарлады.

"Иә, байланыс орнаттық, таныстық. Жағдайы жақсы, қалыпты. Осы мекемедегі басқа балалармен ойнап жүр. Ал ұрып-соғуға келсек, қандай да бір ісік, қызару, көгеру, сырылған деген сияқты белгілері жоқ", - дейді Исмаилова баланың жағдайы жайлы.
Айтуынша, баланың шешесі жала жабылды, деп көршілерін сотқа бергелі отыр.
"Бала төртте. Шешесін жақсы көреді, жанынан қалмайды. Анасы мұның барлығы көршілерімен араздығынан болған деп отыр. Жала жапты деп, енді органдарға шағым түсірмекші. (...) Өзі арақ ішпейді. Еш жерде есепте тұрған жоқ және өзі де ішетін адамға ұқсамайды. Ол үй шаруасында, жұмыс істемейді", - деп мәлімдеді Ақтау қалалық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі сектордың жетекшісі.
Оның айтуынша, отбасының жағдайы "орташа". Баланың шешесі 1967 жылғы.
Еске салайық, Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары бесінші қабаттағы пәтерден екі жылдан бері баланың жылаған даусы шығатынын хабарлаған еді. Баланың даусы естілетін аудиожазба да жарияланған. Онда бала шешесінен ұрмауын сұрап, ауырсынғанын айтады. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу де басталған.
Ал кейін әйел тергеу аяқталғанша баласынан аластатылғаны хабарланған еді.