Ресей Мемдумасының депутаты , атақты боксшы Николай Валуев Мәжіліс пен мәслихат сайлауында бақылаушы болып, сайлау учаскесінде болған бір құқық бұзушылықты тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Астана тұрғындарының бірі дауыс беруге құжатсыз келген және оған бюллетень берілді. Жалпы, Валуев сайлаудың ұйымдастырылу жағына көңілінің толғанын айтты. "Таңертеңнен халық көп жиналды. Шамамен 5-10 пайызы дауыс берді, кейбір учаскелерде үштен бірі дауыс беріп болған. Барлығы ұйымдастырылған", - деді Валуев. Еске сала кетейік, өткен жылы ол Қазақстандағы президенттік сайлауда бақылаушы болды.
Еске сала кетейік, бүгін, 20 наурызда Астана уақытымен таңғы 7.00-де елдің басым өңірлерінде сайлау басталды. Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады. Парламенттің төменгі палатасының орындарына алты саяси партия таласады: "Нұр Отан", "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық париясы (ҚДП), Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП), "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және "Бірлік" партиясы.