Ванкувер маңындағы тауларда қазақстандық қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ванкувер маңындағы тауларда қазақстандық қаза болды Видеодан алынған кадр

Канадада Ванкувер маңындағы тауларда 27 жастағы қазақстандық Метхат Әбенов қаза болды. Бұл туралы Global News хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канадада Ванкувер маңындағы тауларда 27 жастағы қазақстандық Метхат Әбенов қаза болды. Бұл туралы Global News хабарлады.

Қазақстандықтың денесі Уистлер қалашығынан (Ванкуверден солтүстікке қарай 125 шақырым жерде) табылған. Ол серігімен бірге Iceberg көліне сапарға аттанған, бірақ ол серігінен ажырап кетіп, сол күйі белгіленген уақытта оралмаған. 

16 қыркүйекте шамамен сағат 19.00-де полицияға қазақстандықтың жоғалып кеткені жайлы хабарланған. Ал келесі күні қазақстандықтың денесі таудан табылған.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта денені Қазақстанға жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети