04 желтоқсан 2024 | 08:50

Вайнерлер Төребаев пен Шерниязовқа Instagram-ды пайдалануға рұқсат етілген бе?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әлеуметтік желіден алынған сурет Әлеуметтік желіден алынған сурет

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шернияязовтың колонияда смартфон мен әлеуметтік желілерді пайдаланып, контент жариялауына рұқсат етілген-етілмегеніне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шернияязовтың колонияда смартфон мен әлеуметтік желілерді пайдаланып, контент жариялауына рұқсат етілген-етілмегеніне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Төребаев пен Шернияязовтың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалары белсенді, стористер мен жазбаларында үнемі әзіл-оспақ контент жарияланып, пікірлерге лайктар қойылып отырады.

Қазіргі уақытта Мейіржан Төребаевтың Instagram-парақшасында 3,2 миллион жазылушы, ал Мейірхан Шернияязовтың 915 мың жазылушы бар.

ҚАЖК сот үкіміне сәйкес, аталған сотталғандар жазасын минималды қауіпсіздік мекемесінде өтеп жатқанын еске салды.

"Оларға мекеме аумағынан тыс жерде тек қоңырау шалу/жауап беру/SMS функциялары бар мобильді телефонды (смартфон емес) пайдалануға рұқсат етілген. Әлеуметтік желі парақшаларын жүргізуге қатысты бұл азаматтармен әңгіме жүргізілді, олар әлеуметтік желідегі парақшаларын жұбайлары мен әкімшілері жүргізетінін түсіндірді", - деп хабарлады ҚАЖК Tengrinews.kz-тің ресми сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ, ҚАЖК минималды қауіпсіздік мекемелерінде ұсталып отырған сотталғандарға мекеме аумағына мобильді байланыс құралдарын, компьютерлік жабдықтарды алып кіруге, сақтауға және пайдалануға, сондай-ақ мекеме аумағынан өз бетінше кетуге тыйым салынғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 520.91  course down  543.61  course up  5.22  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer