Хромтауда автокөлік бір топ жасөспірімді қағып кетті: 9 адам ауруханаға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хромтауда автокөлік бір топ жасөспірімді қағып кетті: 9 адам ауруханаға жеткізілді видеодан үзінді

Хромтауда "ВАЗ" жүргізушісі бір топ жасөспірімді қағып кетті. Сегіз жасөспірім мен бастауыш сынып оқушысы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хромтауда "ВАЗ" жүргізушісі бір топ жасөспірімді қағып кетті. Сегіз жасөспірім мен бастауыш сынып оқушысы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

14 қыркүйекте сағат 09:55-те Ақтөбе облысының Хромтау қаласында "ВАЗ 21140" автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған бір топ баланы қағып кеткен.

"20 жастағы автокөлік жүргізушісі көлік тұрағынан жолдың жүру бөлігіне шығып, рөлді басқара алмай, жол жиегінде кетіп бара жатқан "Хромтау тау-кен техникалық колледжінің" студенттері мен кәмелетке толмаған балалар тобын қағып кеткен. Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, алайда біраз уақыттан соң полиция қызметкерлері оны ұстады. Көлік айып тұрағына жеткізілді", - дейді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Оқиға салдарынан колледждің 8 студенті мен орта мектептің оқушысы Хромтау қаласының аудандық орталық ауруханасына жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккендердің бір бөлігі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді, үш адам медициналық мекемеде жататын болады. Жарақаты ауыр емес. 

ЖКО дерегі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-бабы 3-бөлігі бойынша (көлік құралын басқару құқығынан айырылған немесе көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның жол-көлік оқиғасына байланысты жүргізушінің міндеттерін орындамауы) және ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 3-бөлігі бойынша (көлік құралдарын жүргізушінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін бұзуы, адамдардың денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан) іс қозғалды. Сондай-ақ жүргізушінің іс-әрекетіне құқықтық баға беру тексерісі жүргізіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети