Хромтаулық студент колледжге кіріп келіп, директорына пышақ тақаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хромтаулық студент колледжге кіріп келіп, директорына пышақ тақаған

Хромтау тау-техникалық колледжінің бірінші курс студенті директордың кабинетіне кіріп, пышақтап тастай жаздаған. Бұл туралы "АТ" басылымы хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хромтау тау-техникалық колледжінің бірінші курс студенті директордың кабинетіне кіріп, пышақтап тастай жаздаған. Бұл туралы "АТ" басылымы хабарлады. 

Оқиға 6 қыркүйекте болған. Оқу орнына асхана пышағын жасырып алып кірген студент директорға пышақ тақап, оқу құжаттарын беруін талап еткен. Директор әйелге көмекке колледжде кезекшілік еткен полицей шақырылған. Полицей келіп жеткенде жасөспірім ашуға булығып, директорға және тәртіп сақшысына тұра ұмтылған.

"Шошып үлгермедім, - деп еске алады колледж директоры Бағдашжан Молдашева. - мұнда жұмыс істеп жатқаныма 14 жыл болды, бірінші рет мұндай болып отыр. Полиция инспекторының бізде әрдайым кезекшілікте болғаны құтқарды, ол кабинетке жүгіріп келді. Жасөспірім тәртіп сақшысына екі рет пышақпен шабуылдады. Сосын жасақ шақыруға тура келді. Құқық қорғау өкілдері келгенде студент берілді".

Сөйтсек, студент мұның алдында мұғалімімен жанжалдасқан екен. Смартфон алып кіруге тыйым салынса да студент, білім беру мекемесіндегілердің айтуынша, мұғалімнің талабын орындамай қойған. Содан мұғалім оған ескерту жасағанда студент "Мен мұнда оқымаймын!" деп айғайлапты. Директорға шақырылған жігіт құжаттарын сұраған. Алайда директор жайдан-жай құжатты бере салмайтынын айтқанда ол "Бермесеңіз - мен сізге көрсеметін"
 деп кетіп қалған екен. Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Колледж директорының айтуынша, жігіт үйіне кетіп қалып, пышақпен оралған. Басылымның мәліметінше, студент қазіргі уақытта Ақтөбе қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы ("Қорқыту") және 380-бабы ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") бойынша айыпталып отыр. Кінәсі дәлелденсе студент 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал бірінші курс студентінің шешесі, директордың айтуынша, сол күні оқиға орнына келген. Баласының ісі үшін кешірім сұраған. 

"Сол күннен бері баламды көрмедім. Адвокат жалдайтын ақшамыз жоқ", - деп пікір білдіріпті студенттің шешесі басылым тілшісіне берген сұхбатында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети