ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2023 | 17:17
"Яндекс.Такси" жүргізушісі жол апатынан қаза тапты: тергеу барысы айтылды
Павлодар облысының Полиция департаменті өкілдері 22 қаңтарда Павлодар-Қызылорда тасжолында ВАЗ-2110, Toyota Camry және Mercedes-Benz GL 450 маркалы үш көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасын тергеу барысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға кезінде Mercedes-Benz GL 450 көлігімен соқтығысу салдарынан "Яндекс.Таксидің" 25 жастағы жүргізушісі қаза тауып, тағы 4 адам ауыр жарақат алғаны хабарланған болатын. Бұған дейін олардың бірінің жағдайы ауыр екені айтылған еді.
Павлодар облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Сондай-ақ, полиция өкілі күдікті Mercedes-Benz GL 450 көлігінің жүргізушісі туралы айтты.
"Күдікті жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы - келу туралы міндеттеме таңдалды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу нәтижелері мен сараптамалардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді полиция өкілдері.
Күдіктінің көлігі арнайы автотұраққа жеткізілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также