23 қаңтар 2023 09:58

"Яндекс.Такси" жүргізушісі жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты: полиция пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Полиция Павлодар облысындағы тасжолда жол апаты болып, жүргізуші қаза болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция Павлодар облысындағы тасжолда жол апаты болып, жүргізуші қаза болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, 22 қаңтарда сағат шамамен 18:00-де Павлодар - Қызылорда тасжолының 1293-шақырымында үш көлік: ВАЗ 2110, Toyota Camry, Mercedes-Benz GL 450 жол апатына ұшыраған.

"ЖКО салдарынан 25 жастағы ВАЗ 2110 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болды. Тағы төрт адам зардап шекті. Олардың бірі кәмелетке толмағандар. Бәрі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Бірқатар сараптамалар тағайындалған.

Еске салайық, апат 22 қаңтарда кешкі уақытта болған, оның видеосы жарияланды. Кадрларда төңкерілген көліктің маңында бірнеше адам тұрғанын көруге болады. Осы кезде оларды асқан жылдамдықпен жол талғамайтын көлік қағып кетеді. Соқтығысу салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети