23 қаңтар 2023 08:56

Павлодар маңында "Яндекс.Такси" жүргізушісі жантүршігерлік апаттан қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/ti.pavlo © instagram/ti.pavlo

Павлодар облысындағы Павлодар-Қарағанды тасжолында жол талғамайтын көлік апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысындағы Павлодар-Қарағанды тасжолында жол талғамайтын көлік апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үрейлі апат 22 қаңтарда кешкі уақытта болған, оның видеосы жарияланды. Кадрларда төңкерілген көліктің маңында бірнеше адам тұрғанын көруге болады. Осы кезде оларды асқан жылдамдықпен жол талғамайтын көлік қағып кетеді. Соқтығысу салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.

"Яндекс.Такси" сервисінің жүргізушісі қаза тапқан адам болып шықты. Куәгерлердің айтуынша, оқиға болардан бірнеше минут бұрын такси жүргізушісі көлігі бұзылуына байланысты жолда дереу тоқтаған, содан кейін оны жол талғамайтын көлік соғып, такси жүргізушісі жолға құлаған.

"Соқтығысқаннан кейін жүргізушілер мен жолаушылар көліктерден шығып кетті. Бірінші апаттан кейін такси жүргізушісі аман қалды, ол көмектесіп жүрді, көліктерді тоқтатып жатты, төңкерілген көлікке соғылып қалмауын ескертті. Осы кезде джип қағып өтіп, оны өлтірді. Біз көлікте отырып, адамдардың жан-жаққа ұшқанын көрдік", - деді оқиға куәгерлері.

Үш адам Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайы туралы әлі хабарланған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети