Ыстықкөлде Қазақстан азаматы жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстықкөлде Қазақстан азаматы жоғалып кетті

Ыстықкөлге барған отандасымыз із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстықкөлге барған отандасымыз із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Қырғызстанға демалуға аттанған 53 жастағы алматылық Аркадий Мальковтан 2 күннен бері хабар-ошар жоқ.

Бірге барған досының айтуынша, Аркадий 14 шілдеде күндізгі уақытта жоғалған. Қара-ой ауылынан скутер жалға алып, көлдің оңтүстік жағалау жағына кеткен көрінеді. Содан бері қайтып келмеген.

Бір белгілісі үстінде құтқару жилеті болған. Қазір іздестіру жұмысына ұшақ жалданып, 200-ге тарта полиция қызметкері жұмылдырылды. Сондай-ақ, 81 құтқарушы мен 12 қайық тартылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети