21 ақпан 2017 11:24

Із-түссіз жоғалған 22 жастағы қарағандылық туралы жаңа деректер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Із-түссіз жоғалған 22 жастағы қарағандылық туралы жаңа деректер анықталды. Ұлттық гвардияның "Орталық" аймақтық қолбасшылық баспасөз қызметінің мәліметінше, Темірбек Жұмабеков Абай қаласында әскери бөлімде қызмет еткен және жоғалғанға дейін қызметінен босатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз оның жоғалғаны туралы білмейміз. Алайда ол бізде жұмыс істемейді. Бұрындары ол Абай қаласында кинолог болып қызмет еткен. Бірақ оны жоғалғанға дейін қызметінен босатқан. Біз ол туралы басқа мәліметтерді білмейміз", - деді ведомстводағылар. 

Темірланның достары оның жұмыстан босатылғаны туралы ештеңе білмейді екен. Олар Темірланның бұрын бокспен айналысқанын және өзін-өзі қорғай алатынын айтты. Ол қаңғырып кетті дегенге достары сенбейді. 

Еске салайық, 22 жастағы Темірлан Жұмабеков 16 ақпанда Қарағанды облысының Абай қаласындағы дәмханадардың біріне барып, артынша жоғалып кеткен. Әлеуметтік желіде оны іздестіру туралы мәліметтер белсенді түрде тарап жатыр. Темірланды еріктілер мен полицейлер де іздестіріп жатыр. Еріктілердің айтуынша, олар достарының қайда баруы мүмкін деген жерлердің барлығын қарап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети