Жалақысын ала алмаған ер адам тапаншамен бопсалауға көшті. Желідегі видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалақысын ала алмаған ер адам тапаншамен бопсалауға көшті. Желідегі видео

"ВКонтакте" және Instagram желілеріндегі "За тебя, Бәке | ZTB" тобында жарияланған видео жұрттың талқысына түсті. Роликте ер адамның өз жалақысын бопсалағаны көрінеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ВКонтакте" және Instagram желілеріндегі "За тебя, Бәке | ZTB" тобында жарияланған видео жұрттың талқысына түсті. Роликте ер адамның өз жалақысын бопсалағаны көрінеді.

Оқиғаның қайда және қашан болғаны әзірше белгісіз.

"Осындай жағдайға жеткізді. Ер адам жалақысын бопсалап жатыр", - делінген видеоның сипаттамасында. Роликте егде жастағы ер адам өз жалақысын сұрайды, соған қарағанда оның айлығы кешіккен. Ол барлық жұмысының өз мерзімінде аяқтағанын және істелген жұмысына ешқандай да шағымның болмағанын айтады. Алайда белгісіз бір себептермен жұмыс берушісі жалақысын бермеген. Видеоны жұмыс беруші тараптың бір өкілі түсірген. 

Ер адам нақты жауап ала алмаған соң тапаншасын шығарып, "операторға" кезейді. Желідегі кейбір қолданушылар бұл видеоның жасанды екенін айтып жатыр. Бірақ пікір жазғандарың басым бөлігі ер адамның үлкен сомаға жеткен ақшасын ала алмай жүргенін айтып отыр. Instagram желісіндегі топқа жазылған пікірлерде кейбір қолданушылар ер адамның 700 мың сомасындағы қаражатты ала алмай жүргенін айтқан. Фирма нысанды өткізіп болған соң басқа қалаға көшіп кеткен деседі. Ал осы әрекеті үшін, қолданушылардың мәліметінше, ер адам шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети