Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындады

Тұңғышбай Жаманқұлов. © Baistars.kz

?аза?станды? белгілі актер ?рі продюсер Т???ышбай Жаман??лов "Феникс" фильміне б?лінген ?аражатты жым?ыр?анын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? ?кілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстандық белгілі актер әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов "Феникс" фильміне бөлінген қаражатты жымқырғанын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдеріне сілтеме жасап.

"Бұған дейін ұсталған Тұңғышбай Жаманқұлов өз қорғаушысының көзінше "Феникс" фильмінің өндірісіне бөлінген бюджет қаражатын жымқырғанын толықтай мойындады, өз ісіне өкінді және шығынды өтеп беруге уәде етті. Жаманқұлов қаражаттың қолма-қол ақшаға айналдырылған дерегін растады және бюджет қаражатының жеке мақсаттарға жұмсалғанын айтты", - делінген баспасөз хабарламасында.

Жаманқұлов өзіне қатысты бұлтартпау шарасын кепілақымен босатуға ауыстыруға және ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрап, өтініш білдірді. 

Реклама
Реклама

Қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш Т. Жаманқұловтың, Н.Юдинаның және Г.Ысқақованың шығынды толықтай өтегенінен кейін қарастырылады.

"3 қарашада Тұңғышбай Жаманқұлов шығынды ішінара өтеді және танымалдығы, жасы және кепіл мүлік қалдыруына байланысты, "кепілақымен босату" бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді ведомстводағылар. 

Айта кетейік, мұның алдында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірген болатын. Министрдің айтуынша, Тұңғышбай Жаманқұлов кешірім сұрау үшін арнайы Астанаға келген. "Бір апта бұрын ол арнайы келіп, кешірім сұрады. Ісіне өкінетінін айтты. Әрине, бұл мәселе оңай емес. Ұзақ ойландым. Мен оған көмек көрсетуге дайынмын (...). Кепіл беруге де дайынмын", - деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық актердің ұсталғаны хабарланған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтаған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама