03 қараша 2016 13:17

Министр Мұхамедиұлы: Жаманқұловты босатуға қолғабыс етуге дайынмын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұңғышбай Жаманқұлов пен Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұлов пен Арыстанбек Мұхамедиұлы

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Тұңғышбай Жаманқұлов кешірім сұрау үшін арнайы Астанаға келген.

"Бір апта бұрын ол арнайы келіп, кешірім сұрады. Ісіне өкінетінін айтты. Әрине, бұл мәселе оңай емес. Ұзақ ойландым. Мен оған көмек көрсетуге дайынмын (...). Кепіл беруге де дайынмын", - деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

"Соттың ісіне араласуға ешкімнің құқы жоқ, оның кінәсі бар ма, жоқ па - сот анықтайды. Қазіргі уақытта барлық заң нормалары бар, кепілақымен босатады, айыппұл деген бар, осыны да ескереді. Осыған байланысты қолғабыс етуге дайынмын", - деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық актердің ұсталғаны хабарланған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети