Жамбыл облысында 10 жастағы қыз безгектен қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында 10 жастағы қыз безгектен қайтыс болды

Жамбыл облысы Байзақ ауданында 10 жастағы қыз қырым-конго қанды безгегінен көз жұмды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Байзақ ауданында 10 жастағы қыз қырым-конго қанды безгегінен көз жұмды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Оның кенеден келетін кеселді қалай және кімнен жұқтырғаны белгісіз. Жақында ғана Өзбекстаннан келгені айтылады. 

"Мекенжайлары жоқ және мына Өзбекстан азаматтары. Қайыр сұрап күн көріп отырған адамдар. Бірақ өзінің кеш қаралуына байланысты және аурудың асқынуын өткізіп жіберуіне байланысты оны аман алып қалу мүмкін болмады. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді", - дейді Жамбыл облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Күмісбек Рахимов.

Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері облыс бойынша 481 адамды кене шаққан. Қауіпті қансорғыштар шаққан жамбылдықтар қатаң бақылауға алынып, тыңғылықты тексеру жүргізілген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети