Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың пилоты жүрек жұмысының бұзылуынан қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың пилоты жүрек жұмысының бұзылуынан қайтыс болған © Khabar.kz

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың пилоты 65 жастағы Валерий Михин жүрек жұмысының бұзылуынан қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тараз қаласындағы №2 аурухананың күйік бөлімінің меңгерушісі Әбілсейіт Сыдықовқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың пилоты 65 жастағы Валерий Михин жүрек жұмысының бұзылуынан қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тараз қаласындағы №2 аурухананың күйік бөлімінің меңгерушісі Әбілсейіт Сыдықовқа сілтеме жасап.

"Валерий Михин 5 ақпанда сағат 18.45-те қайтыс болды. Апат кезінде алған күйігі пилоттың жүрек жұмысының бұзылуына әкелді. Он екінші күні оның жүрегі тоқтады", - деді дәрігер.

Дәрігерлердің айтуынша, пилот осы уақыт бойы жансақтау бөлімінде жасанды аппаратпен жатқан. Оның қасында үнемі ұлы мен әйелі болыпты. Қазір ұшқыштың денесі Тараз мәйітханасында, бірнеше сараптамадан кейін ол туыстарына беріледі.

Еске сала кетейік, оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы Садыхан қыстауынан үш шақырым қашықтықта болған еді. Төтенше оқиға жайлы хабарлама 112 телефонына 23 қаңтарда кешкі уақытта келіп түскен. Апат орны аудан орталығынан 100 шақырым, ал Тараздан 220 шақырым жерде орналасқан. Кейін тікұшақ пилотын куәгерлер Тараздағы ауруханаға жеткізгені белгілі болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети