Жамбыл облысында бір ер адам емхананың компьютерін сындырып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында бір ер адам емхананың компьютерін сындырып кетті Фото pc-1.ru сайтынан

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 56 жастағы ер адам емханадағы компьютерді сындырып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 56 жастағы ер адам емханадағы компьютерді сындырып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мойынқұм ауданының емханасында Нұрбол есімді ер адам бұзақылық ниетпен статистика кабинетіндегі компьютердің мониторын сындырып кетті. Аудандық ішкі істер бөліміне емхананың меңгерушісі шағымданды. Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 1958 жылы туған Ж. деген азаматты ұстады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жергілікті тұрғын істеген ісін мойындады, қазір келген шығын көлемі анықталып жатыр. 

Облыстық ішкі істер департаменті желтоқсанның 10-11-і күндері барлығы 22 қылмысты ең қысқа уақыт ішінде әшкерелегенін мәлімдеді. Оның ішінде, бұзақылықтың 5, ұрлықтың 6, алаяқтықтың 4, есірткіге қатысты қылмыстың 1 дерегі тіркелді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети