Жамбыл облысында сәбиін әжетханаға тастаған әйелдің ақыл-есі дұрыс деп танылды

Жамбыл облысында сәбиін әжетханаға тастаған әйелдің ақыл-есі сау деп танылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында облыстық прокуратунасының 2-ші басқармасының басшысы Асылан Әбілдаев хабарлады.

"Қазіргі уақытта іс бойынша қылмыстың құқықбұзушылықтың себебі мен жағдайларын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары мен сәйкес сараптамалар (сот-медициналық және биологиялық) жүріп жатыр, сонымен қатар эмоционалдық-психологиялық сараптама жүріп жатыр. Психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктінің ақыл-есі дұрыс, бұл тергеу шараларына қатысуға мүмкіндік береді", - деп хабарлады Әбілдаев.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 3 қаңтарында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолындағы қоғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған болатын. 8 қаңтарда полицейлер дәретханаға жаңа туған сәбиін тастаған келіншекті тапты. Дәрігерлер нәрестенің шамамен 6 күн бұрын дүниеге келгенін анықтады. Сәбиге Жансая есімі берілген еді. Оның жағдайын енді сот шешеді. Егер анасы ата-ана құқығынан айырылса, кезекте тұрған 100 отбасының бірі оны асырап ала алады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама