Астанада жүргізушілердің қақтығысы видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада жүргізушілердің қақтығысы видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ролик авторының айтуынша, ол Toyota мінген әйелмен жанжалдасқан.
"Жұмабаев көшесінен Майлинге қарай бұрылғым келген. (...) Әйел болса менің жанымда тұрды, артымнан келді. Жолаушылардың есігін ашты. Салонда әкем отырған. Есікті жабуын сұрадым, не болғанын да ұқпадым. Кетіп қалғалы тұрғанымда ол көлігін алдыма қойды. Айғайлай бастады. Мен солға қарай бұра бердім, қарсы бағытқа шықтым. Екі жолақты да кесіп өттім, әйел мені тығырыққа тіреді. Соқтығыспау үшін солға қарай бұрдым", - деді ер адам.
Осыдан кейін, айтуынша, әйел көлігінен шығып, айнасын сындырған. Жүксалғышынан ағаш зат алып шығып, терезені, айнаны соққылаған делінеді.
"Сындырып жатқанын видеоға түсіріп үлгермедім. Соңында ғана түсіріп алдық. 102-ге хабар бердім", - деді ол.
Видеоның кадрларында әйелдің камера ұстап тұрған ер адаммен жанжалдасқаны көрінеді. Әйел қазақ тілінде былапыт сөзбен оның камерасын сындырып тастайтынын айтады. "Кімнің адамы екенімді біліп жатсың ба сен менің? Бәрін өзіңе жаудырып жіберемін мен надо будет, білдің бе?!", "Бәрі немен шешілетінін білесің бе сен? Ақшамен шешіледі. Тіреуім бар!" - деп дөрекі сөздер айтады.
Ал полициядағылар бұзақылық дерегі бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Toyota жүргізушісінің үстінен "ГАЗель" көлігінің 31 жастағы жүргізушісі арыз түсірді. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша соталды тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді", - дер хабарлады ІІД өкілдері.