Жаңаөзен маңындағы өрт сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзен маңындағы өрт сөндірілді © MangystauOnline ақпарат орталығы

Жаңаөзен маңындағы мұнай қалдықтарын төгетін орында шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MangystauOnline ақпарат орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзен маңындағы мұнай қалдықтарын төгетін орында шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MangystauOnline ақпарат орталығына сілтеме жасап.

"19 қыркүйекте 23 сағат 34 минутта өрттің ошағы ауыздықталды. 20 қыркүйекте 07 сағат 31 минутта өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге арнайы техниканың 35 данасы мен жеке құрамның 144 адам жұмылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары - мұнай қоймасындағы өртті сөндіру жөніндегі жедел штабтың басшысы Сүйіндік Алдашев.  

Жедел штабқа Маңғыстау облысы бойынша ТЖД басшысы, полковник Қуанар Базарбаев және Жаңаөзен қаласының әкімінің орынбасары Серік Қалдығұлов кірді.

Алдашевтің айтуынша, бүгін, 20 қыркүйекте мамандар жұмысқа кірісті, олар мұнай қалдықтарын төгу орнындағы өрттің шығу себебін анықтап жатыр. 

Еске салайық, 18 қыркүйекте 17.05 уақытында мұнай қалдықтарын төгу орнында өрт шыққан еді. Болжам бойынша 10 мың шаршы метрді өрт шалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети