Жаңаөзенде баланы көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде баланы көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалды видеодан үзінді

Ғаламторда Жаңаөзенде автомобильдің бір баланы қағып кеткен сәті видеоға түсіп қалды. Видеоны Aktau-business.com сайты жариялады. Видеодағы уақытқа қарағанда, оқиға 13 желтоқсанда кешкі уақытта болған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғаламторда Жаңаөзенде автомобильдің бір баланы қағып кеткен сәті видеоға түсіп қалды. Видеоны Aktau-business.com сайты жариялады. Видеодағы уақытқа қарағанда, оқиға 13 желтоқсанда кешкі уақытта болған. 

Видеоның кадрында, екі баланың жол шетінде жеке сектордың алдында тұрғаны түскен. Бір мезетте, олардың бірі жолды кесіп өтпек болып жүгіреді, осы кезде автокөлік баланы қаққан. Осыдан кейін көліктің жүргізушісі тоқтайды. Артында келе жатқан көліктерде тоқтайды. Бұдан басқа мәліметтер жоқ. 

Осыған дейін, такси ұстап тұрған қызды жеңіл көлік қағып кеткен видео жарияланған болатын. Видеоның мерзіміне сәйкес, оқиға 12 желтоқсанда шамамен 17.43-те Мақатаев пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Жолдың қиылысынан алыс емес жерде шашы ашық түске боялған қыз арнайы қоғамдық көлікке арналған жолда тұрып, такси ұстауға ниеттенген. Бір мезетте үшінші жолдан бір көлік кілт тоқтап, клиентке қарай бұрылған. Осы кезде арнайы жолақпен келе жатқан тағы бір жеңіл көлік дереу тоқтап үлгере алмай, қызды қағып кеткен. Соққыдан ол бірнеше метрге ұшып түсіп, тротуарға құлаған. Не болғанын түсінбеген қыз орнынан тұрмақшы болады, алайда бірден тұрып кету мүмкін болмаған. Осы кезде бірнеше адам жүгіріп келіп оған көмектесіп орнынан тұрғызған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети