17 қаңтар 2018 | 17:19

"Заңды белшесінен басқан". Полицеймен ерегескен BMW жүргізушісі 42 заңбұзушылық жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда ақылы тұрақ маңында полицеймен жанжалдасқан BMW X5 жүргізушісі 2008 жылдан бері бүгінге дейін 42 рет жол ережесін бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ақылы тұрақ маңында полицеймен жанжалдасқан BMW X5 жүргізушісі 2008 жылдан бері бүгінге дейін 42 рет жол ережесін бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Еске салайық, оқиға Алматының Медеу ауданында түске дейінгі уақытта болған еді. Жол-патрульдік полиция қызметкері Жібек жолы мен Қонаев көшелерінің қиылысында BMW X5 жүргізушісін көлікті тұраққа қою ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпақшы болған. Осы кезде жүргізуші қарсылық көрсеткен болатын. 

Полиция мәліметінше, заңбұзушылықтардың ішінде 18 айыппұл төленбеген. 

"Алматы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше осы жүргізуші 2008 жылдан бері бүгінге дейін 42 рет жол ережесін бұзған. Оның ішінде: көлегейлеу (тонировка) - 1, маневр кезінде ереже бұзу - 5, көлікті құжатсыз жүргізу - 2, техникалық байқаудан өтпеу - 2, тоқтау ережесін және тұраққа қою тәртібін бұзу - 2, қауіпсіздік белбеуін тақпау - 2, көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу - 1. Міндетті сақтандырудан жалтару - 2, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүргізу - 3, Жылдамдық асыру - 11, тағы басқа жол жүру ережелерін бұзу - 4. Арнайы сызықтарды елемеу - 6", - деді ол. 

Сонымен қатар, ІІД өкілі 2009 жылы ер адамның көлікті есірткі қолданып жүргізу дерегіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 467-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылғанын айтты. 

"Ол 24 айға көлік жүргізу құқығынан айырылған", - деді ІІД өкілі. 

BMW X5 көлігі айып тұрағына қойылған. Жүргізушінің мүлкіне үш рет тыйым салынған. 

"Бір рет - ЖШС алдындағы міндетті қарызы 3,5 миллион теңге. Екі рет әкімшілік айыппұл төлемегені үшін қойылған", - деді полициядағылар. 

Сонымен қатар, ол сол видеодағы полицейге қатысты қандай шара қолданғаны туралы да айтып берді. 

"Полицейдің әрекеті ішкі қауіпсіздік қызметіне қызметтік тергеу жүргізуге себеп болды", - деді ІІД өкілі. 

Полицейді қорлаған жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны хабарланды. 

"Полицей заңды түрде жүргізуші куәлігі мен көлік құжаттарын сұраған уақытында жүргізуші аса дөрекі түрде қарсылық білдірді: ол бейәдеп сөздер айтып, қорқытумен әлек болды. Оның әрекетінде ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының ("Билік өкілін қорлау") салдары бар. 1985 жылғы азамат Ф. қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр және бірыңғай реестрге тіркелді. Медеу аудандық ішкі істер басқармасының анықтау бөлімі қажетті сараптама жүргізетін болады", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Анықтама: 378-бап "Билік өкiлiн қорлау"

1. Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау - бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет - үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ескерту. Билік өкiлiнiң қызметтiк жұмысы туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. 

Сонымен қатар, рұқсат етілмеген жерде көлігін тұраққа қойғаны үшін азамат Ф. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы 1-бөлігі бойынша 3 АЕК айыппұл төлейді. Ал билік өкіліне бағынбағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети