12 қазан 2023 | 09:34

Іздеу жарияламауға уәде берген. Астанада полиция капитаны сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада пара алғаны үшін күдіктіге іздеу жарияламауға уәде берген полицейге үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ауданаралық қылмыстық сотына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада пара алғаны үшін күдіктіге іздеу жарияламауға уәде берген полицейге үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ауданаралық қылмыстық сотына сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, ПБ қызметкері күдікті Б.-дан іздеу жарияламауға уәде беріп, 300 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Күдікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласқан. Тәртіп сақшысы ақшаны алу кезінде ұсталды.

"Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұл әрекетке шын жүректен өкінуді және үш жас баланың болуын мойындады. Ол қабылдаған анттың бұзылуы ауырлататын жағдай деп танылды", - деді сотта.

Сот үкімі бойынша, полицей лауазымды тұлға бола тұра алаяқтық әрекетін жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік кіріске 2 миллион 250 мың теңге көлемінде айыппұл өтеу, сондай-ақ мемлекеттік органдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 49-бабына сәйкес ол "полиция капитаны" арнайы атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети