Желіде ақтаулық студенттердің төбелесі түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде ақтаулық студенттердің төбелесі түсірілген видео пайда болды Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Маңғыстаудағы гуманитарлық колледж маңында студенттердің төбелескені түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды "Лада".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Маңғыстаудағы гуманитарлық колледж маңында студенттердің төбелескені түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды "Лада".

Басылымның мәліметінше, бұл жағдай 2018 жылдың 11 желтоқсанында болған. Алайда видео енді таралып жатыр.

Колледж директоры Мәзілбек Өтебаев бұл видеоға қатысты пікір білдірді.

"Осы жағдайдан кейін ата-аналар жиналысы өтті. Колледжіміздің бір студенті тергеуге алынды. Оның ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді директор.

Өңірлік полиция департаментіндегілер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"11 желтоқсанда кешкі уақытта колледж маңында төбелес болды. Үш адам зардап шекті. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді", - деп хабарлады полициядағылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети