Желіде полицейлердің ұсталған жігіттерді аяусыз соққыға жыққан видеосы таралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде полицейлердің ұсталған жігіттерді аяусыз соққыға жыққан видеосы таралды

Желіде полицейлердің төрт ер адаммен қақтығысы түсірілген видео пайда болы. Оқиға Павлодар дүкендерінің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасына жазылған, - деп хабарлайды pavon.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде полицейлердің төрт ер адаммен қақтығысы түсірілген видео пайда болы. Оқиға Павлодар дүкендерінің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасына жазылған, - деп хабарлайды pavon.kz.

Видео кадрларынан полицейлердің қабырғаға тақалып тұрған жігіттерді ұрып-соққанын көруге болады, бірі тіпті отырған ер адамның басынан тебеді. Соған қарағанда, тәртіп сақшылары оларды қызметтік көлікке отырғызғысы келген болуы керек.

Павлодар облыстық ІІД өкілдері бұл мәліметті растады. "3 тамызда 05.12-де 102 нөміріне Есеналиев, 58 мекенжайында ер адамдар төбелесіп жатыр деген хабар түсті. Оқиға орнына батальон барды. Ер адамдарды көлікке отырғызу кезінде олар қарсылық білдірді, оған жауап ретінде полицейлер күш қолданды", - деп хабарлады полициядағылар.

Ал ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік қызметі бұл видеоны зерттегеннен кейін полицейлердің әрекетінен өкілеттікті асыра қолдануды анықтаған. Бір полицей қазір уақытша ұстау изоляторында. Ал зардап шеккендердің олардың үстінен соталды шағым түсірмегені белгілі болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети