Жігіт шатасып, тұрмыстағы әйелді алып қашқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жігіт шатасып, тұрмыстағы әйелді алып қашқан

Жамбыл облысында тұрмыстағы әйелді алып қашқан жігіт жеті жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында тұрмыстағы әйелді алып қашқан жігіт жеті жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 2016 жылдың 8 қарашасында Тараз қаласында болған. Кешкі 17:00 шамасында бір топ жігіт қызды қарсыласқанына қарамастан, көлікке отырғызып, Тұрар Рысқұлов ауданына алып кеткен. Ондағы мақсаттары достарын үйлендіру болған. 

"Жылағанына қарамаған, оның үстіне ол тұрмыста болған. Мұны айтқанымен, оған сенбеген. Ақыры әйелдің арызы бойынша жігіттерге қатысты ҚР ҚК-нің 125-бабының 2-тарауы бойынша материалдар СДТБТ-ға тіркеліп, басты ұйымдастырушы жеті жылға сотталды", - дейді Жамбыл облысы прокуратурасының өкілдері. 

Ең қызығы, тергеу барысында анықталғаны: жігіттер негізі басқа қызды алып қашпақ болып, тұрмыстағы әйелді шатасып ұрлаған. Жігіт өзінің қалыңдығының түрін де білмеген болып шықты. 

"Өкінішке қарай, Жамбыл облысында алып қашу түсінігі әлі жойылмаған. Оның үстіне бұл қыздың келісімінсіз жасалады. Ал қыз балалар отбасы ұятқа қалады деген түсінікпен сол үйде қалып жатады. Мұндай некелердің болашағы күмәнді. Біреулері уақыт өте ажырасады, ал ажыраспаған қыздардың тұрмысы күң өміріне ұқсап жатады", - дейді облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети