"Жігіттердің қатысы жоқ". Оралда жұлысқан қыздардың бірі оқиға жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жігіттердің қатысы жоқ". Оралда жұлысқан қыздардың бірі оқиға жайлы айтып берді Видеодан алынған кадр

Оралда жұлысқан қыздардың бірі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда жұлысқан қыздардың бірі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың айтуынша, бұл жанжалға 6 қыз қатысқан және олар мас болмаған. Сондай-ақ, ол осыған дейін Желі қолданушылары қыздардың жігітті бөлісе алмағаны жайлы нұсқаны жоққа шығарды. Айтуынша, Ұлдана өзінің таныс қызын қорғамақ болған.

"Қыздардың арасында біреуі жергілікті, біреуі басқа жақтан келген деген әңгімелер айтылып жатты. Барлығы бір қызға жабылды. Ол қыз шамамен 20 жаста, ауылда тұрады. Мен сол қызды қорғадым, өзі жас қой. Онымен қоса, оны танимын, бірге жұмыс істейміз. Өзі маған хабарласып, балконнан секіріп кететітін айтты. Ал негізі олардың арасында даудың қалай пайда болғанын мен білмеймін. Оларды танымаймын да, таныс емеспіз", - дейді осы дауға қатысқан қыздардың бірі.

"Мен төбелескім келген жоқ, тек өзімді қорғадым. Не үшін төбелесуім керек? Өзім кафеде жұмыс істеймін, барменмін. Ал ол қыз бізде даяшы болып жұмыс істейді. Ата-аналарымыз осы жағдайды естіген соң ауруханаға түсіп қалды. (...) Кафеден шықсам, қыздар бір-бірімен жұлысып жатыр. Мен тек ол қызды қорғағым келді", - дейді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде жұлысқан қыздардың видеосы жарияланған болатын. Видеода қыздардың ойын-сауық орнынан шыққаны байқалады. БҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның 6 ықшамаудандағы кафе маңында болғанын мәлімдеген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети