"Зима не будет" сөзімен танылған қырғызстандық тағы бір мәлімдемесімен жұртты қайран қалдырды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Зима не будет" сөзімен танылған қырғызстандық тағы бір мәлімдемесімен жұртты қайран қалдырды Сурет: knews.kg

Белгілі жүргізуші Урмат Асанбеков Арстан Алайды коронавирус туралы айтқаны үшін сотқа берді, - деп хабарлайды knews.kg

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі жүргізуші Урмат Асанбеков Арстан Алайды коронавирус туралы айтқаны үшін сотқа берді, - деп хабарлайды knews.kg

Арстан Алай өзін жаңа Құдайға теңеген еді.

"Иә. Құдай бір адамға қуат берді. Ол - Арстан Алай, сондықтан өзімді жаңа Құдай деп санаймын. Өзіме берілген миссияны орындаймын", - деген еді ол.

Өзін Құдай деп атаған Арстан Алай Қытайға коронавирус жібергенін айтқан. Сондай-ақ, Алай адамзаттың 70 пайызы жаңа вирустан өлетінін, бірақ ол қырғызстандықтарға әсер етпейтінін болжаған.

Оның сөзінше, қырғыздар әлемді табиғи күштер арқылы басқарады. Бұған дейін Арстан Алай бұқаралық ақпарат құралдарында Қытай Қырғызстанның 4 миллиард доллар қарызын кешірмегенін айтқан, сондықтан Алай оларды коронавирус арқылы жазалаған екен. Сондай-ақ, Қытай билігі қырғыз халқының барлық ұлылығын білмейінше, оны жеңе алмайтынын жеткізген.

Танымал жүргізуші Урмат Асанбеков Арстан Алайды осы сөздері үшін сотқа берген. Бұл туралы ол Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында айтты. 

"Айтқаныңыз үшін жауап беруіңіз керек деп ойлаймын", - деді ол өз жазбасында.

Урмат Асанбеков дүрбелең болып, карантин жарияланған соң отбасылық іс-шаралардың уақыты өзгеруіне байланысты жүргізуші ретінде жұмысынан айырылғандықтан, моральдық зиян келтірілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол Арстан Алай өзін Құдай деп атағанын, сондықтан оны қауіптің жоғарылауына себепкер ретінде тануға болатынын айтқан.

Нәтижесінде, Асанбеков келтірілген моральдық зиянды 50 мың сомға бағалаған. Ол бұл соманы Арстан Алайдан өндіріп алғысы келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети