Жол ортасында тұрған: Алматыда әйел мен баланы көлік қағып, екеуі де қайтыс болды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол ортасында тұрған: Алматыда әйел мен баланы көлік қағып, екеуі де қайтыс болды Сурет: pixabay.com

Алматыда әйел мен 5 жасар баланы көлік қағып, екеуі де қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әйел мен 5 жасар баланы көлік қағып, екеуі де қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, болжам бойынша, BMW X5 маркалы автокөлік Боралдай көшесінің бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатқан. Экологиялық бекет аумағында жүргізуші алда келе жатқан автокөліктерді басып озамын деп, үзік жол белгісінен шығып кеткен. Бірнеше метрден кейін бөлу жолағында жас әйел мен екі бала тұрды.

"Балалардың бірі көлікті көріп, жолдан жүгіріп өтуге үлгерген. Ал қалған екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Көлік жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кетті", - деп хабарлайды "Территории происшествий" тілшісі.


Суреттер: СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан

1996 жылы туған қыз жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Ал 5 жастағы бала ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, біраз уақыттан кейін алған жарақатынан қайтыс болды.

Мән-жайды анықтаумен қалалық полиция айналысып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети