23 қазан 2024 | 09:00

Зорлау бойынша күдіктінің изолятордан қашуы: оқиғаның мән-жайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы облысы ПД Фото: Алматы облысы ПД

Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдіктіге қатысты жаңа мәлімет белгілі болды. Ол зорлау дерегі бойынша күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдіктіге қатысты жаңа мәлімет белгілі болды. Ол зорлау дерегі бойынша күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

КТК телеарнасы мәліметінше, 26 жастағы ер адам жиенін зорлады деген күдікке ілініп, сол үшін ұсталған. Көршілерінің айтуынша, қашқын бұрын да жауапқа тартылған. Содан кейін ол анасымен бірге тұрып жатқан. Жақында әйел сегізінші сыныпта оқитын немересін өз үйіне алдыртқан. Күдікті сол қызды зорлағаны айтылады. Бұл туралы алдымен қыз оқитын мектептің мұғалімдері білген.

"Күдіктіге жиені болып келетін қыз. Ол тіпті жақын адамдарына зорлау туралы айтпаған. Себебі күдікті онымен бір үйде тұрған. Жәбірленушінің мұғалімдері зорлау туралы біліп қалған. Олар деректі анасына айтады. Зорлау оқиғасы жазғы демалыста үйде болған", – дейді Фатима Өтемісова.

Дүйсенбіде Талғар аудандық Полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторынан ер адам қашып кеткен. Айналасы биік қоршау және тікенек сыммен қоршалған ғимарат Талғар орталығына жақын орналасқан. Күдіктінің жоқтығы сағат 17.00-де байқалған.

Барлық полиция қызметкерлері тартылды. Түнде қаладан шығатын жолдарда бақылау-өткізу бекеттері қойылған. Қашқынның үйі бақылауға алынды. Қашудың мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды. Жағдай облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Полиция басқарамасы аумағында көптеген бейнекамералар орнатылған, бақылау-өткізу бекетінде кезекші күзетшілер бар. Бірақ күдіктінің тергеу изоляторынан қалай шығып кеткенін ешкім түсіндіре алмаған.

Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарды аралап, бейнебақылау камераларын қарап, адамдардан сұрастырып жатыр. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Қашқынның бойы 180 сантиметрдей. Денелі, шашы қара, қысқа. Ер адам қара киім мен аяқкиім киген. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін ғана емес, қашып кеткені үшін де жауап беруге мәжбүр болады.

"Егер іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, келесі телефондар арқылы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 485.13   523.47   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети