Жүргізуші көмектеспеді: Астанада мүгедек жан автобусқа кіре алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүргізуші көмектеспеді: Астанада мүгедек жан автобусқа кіре алмады видеодан үзінді

Астанада автобус жүргізушісі арбада отырған мүмкіндігі шектеулі жанға қоғамдық көлікке кіруіне көмектеспеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада автобус жүргізушісі арбада отырған мүмкіндігі шектеулі жанға қоғамдық көлікке кіруіне көмектеспеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 5 қарашада "Орбита" аялдамасында болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Ер адам №44 автобустың жүргізушісінен көмектесуін өтінген, алайда ол есікті жауып, жүріп кеткен. 

"44-маршруттың жүргізушісі дөрекі түрде жанжал шығарып, автобусқа кіруіме көмектесуден бас тартты. Осы автобуспен бірнеше мәрте жүріп, арыз-шағым түсіретінімді айтып, наразылық білдірді. Осыған дейін, мен осы жүргізушінің пандус-аппарель құрылғысын шығармағаны туралы видеоны жариялаған едім. Оның жұмыс істемейтінін айтқан соң маған арбамен бірге мені көтеріп, шығарып жүрді", - деп жазды Жасұлан Керей Facebook желісінде. 

"Астана LRT" баспасөз қызметі осы жағдайдан соң жүргізушінің жұмыстан босатылғанын хабарлады. 

"Осындай ыңғайсыз жағдайға түскеніңіз үшін кешірім сұраймыз. Жүргізушінің әрекетін еш ақтап алуға болмайды. Жүргізуші 6 қарашада автопарк тәртіптік кеңесіне шақыртылып, ереже бұзғаны үшін жұмыстан босатылды", - деп жазды пікір ретінде "Астана LRT" баспасөз қызметі Facebook желісінде.

Видео авторы бұл жағдайдың бірінші рет еместігін айтады. Мұндай жағдай оның басынан бұрындары да өткен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети