18 жастағы футболшының голы 2019 жылдың үздігі атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 жастағы футболшының голы 2019 жылдың үздігі атанды Видео кадрынан

"Дебреценде" ойнайтын венгриялық футболшы Даниеэль Жори Ференц Пушкаш атындағы жүлдеге ие болды. Бұл жүлдені ФИФА жылдың ең әдемі голын соққан ойыншыға береді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Дебреценде" ойнайтын венгриялық футболшы Даниеэль Жори Ференц Пушкаш атындағы жүлдеге ие болды. Бұл жүлдені ФИФА жылдың ең әдемі голын соққан ойыншыға береді, - деп хабарлайды РИА Новости

Жори 16 ақпанда "Ференцварош" қақпасына гол соққан. Footballua.tv порталының жазуынша, кездесу нағыз драмаға айналған. Матчтың аяқталуына 10 минут қалғанда "Дебрецен" бір гол айырмашылығымен жеңіліп жатқан. Сол кезде бапкер Андраш Херцог алаңға 18 жастағы Даниэль Жориді шығарған. Бұл жас футболшының "ақ-қызылдар" сапындағы дебюті болатын. 

Жоридің әріптестері алдымен есепті теңестіріп тастады. Артынша Даниэль қосымша уақытта қайшылай соққы жасап, өз командасына жеңіс сыйлады. 

Ференц Пушкаш атындағы жүлдеге "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси мен "Ривер Плейтте" ойнайтын Хуан Кинтероның голдары да үміткер болған. 

Сондай-ақ ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік бапкері анықталды - жүлдені "Ливерпуль" жаттықтырушысы Юрген Клопп жеңіп алды. 

Ал Лионель Месси жылдың үздік футболшысы атанды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети