19 жастағы француз жігіті әлемдегі ең қымбат футболшы атанды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 жастағы француз жігіті әлемдегі ең қымбат футболшы атанды © РИА Новости/ Михаил Воскресенский

ПСЖ футбол клубының және Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы 19 жастағы Килиан Мбаппе CIES Football Observatory сараптамалық компаниясының нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат футболшы атанды, - деп хабарлайды Спорт-Экспресс тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПСЖ футбол клубының және Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы 19 жастағы Килиан Мбаппе CIES Football Observatory сараптамалық компаниясының нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат футболшы атанды, - деп хабарлайды Спорт-Экспресс тілшісі.

Зерттеу орталығы француздың құнын 216,5 миллион еуроға бағалап отыр. Ол Франция ұлттық құрамасында 2018 жылдың әлем чемпионы және турнирдің үздік жас ойыншысы атанды. Сондай-ақ Мбаппе ФИФА нұсқасы бойынша жыл командасына қосылды. ПСЖ құрамында Франция чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алды.

Осы маусымдағы 11 матчта Мбаппе 13 гол салып, 13 ассист жасады. 

Әлемдегі ең қымбат 10 ойыншы қатарына Харри Кейн (197,3 миллион еуро), Неймар (197 миллион еуро), Мохаммед Салах (173 миллион), Филиппе Коутиньо (171,3 миллион), Лионель Месси (170,6 миллион), Рахим Стерлинг (164,6 миллион), Ромелу Лукаку (164,3 миллион), Деле Алли (163,4 миллион еуро) және Антуан Гризманн (157,7 миллион) кірді. 

Ал қазіргі "Алтын доп" иегері Криштиану Роналду тізімге кірмеді.

Футболшылардың құнын бағалау кезінде CIES Football Observatory сарапшылары эксклюзив алгоритмді пайдаланады. Онда спортшылардың жасы, қызметі, алаңда жиі ойнауы мен салған голдары, клубтардың және ұлттық командалардың жетістіктері және чемпионат деңгейі ескеріледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети