19 жастағы футболшы Диас Төлеудің қазасы: оқиғаны тергеуге арнайы комиссия құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 жастағы футболшы Диас Төлеудің қазасы: оқиғаны тергеуге арнайы комиссия құрылады видео кадры

Кеше матч уақытында "Хан Тәңірі" футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше матч уақытында "Хан Тәңірі" футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Оқиға "Хан Тәңірі" мен "Екібастұз" арасындағы ойынның 64-минутында болған. Оның жағдайы ойын кезінде күрт нашарлаған. "Хан Тәңірі" клубының шабуылшысын алаңнан зембілмен алып шыққан. Кейін Диас Төлеу қайтыс болғаны хабарланды.

Қазақстан футбол федерациясы құзыретті органдармен бірге болған оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылатынын мәлімдеді. ҚФФ басшылығы қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматыға ұшып шықты. Әзірге қайғылы оқиғаның ресми себебі аталмады.

Жас талант

ҚФФ мәліметінше, Диас жасына қарамастан футболға деген құштарлығымен, талантымен ерекшеленген. Ол - "Қайрат" академиясының түлегі. Диас 2006 жылы 4 мамырда дүниеге келген. "Хан Тәңірі" құрамына 2024 жылғы сәуірде өткен.

Бірінші лига маусымында 18 матчқа қатысты. "Қайратта" 15-ке жуық матч өткізіп, өз есебіне 3 гол және 2 пас жазды.

Клубтың реакциясы

"Хан Тәңірі" ФК ақпаратына сүйенсек, ойыншыға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

"Оқиға матч кезінде болған. Стадионда жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етті. Ойыншыға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жедел жәрдем Диасты төрт минут ішінде ауруханаға жеткізді, бірақ дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады", - деп жазылған клуб мәлімдемесінде.

Клуб марқұмның жақындарына көңіл айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети