33 жылда алғаш рет. Футболдан Италия чемпионатының жеңімпазы анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

33 жылда алғаш рет. Футболдан Италия чемпионатының жеңімпазы анықталды

Футболдан Италия чемпионатының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Италия чемпионатының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

А сериясының 33-турындағы матчте "Наполи" сырт алаңда "Удинеземен" 1:1 есебімен тең ойнады. Қонақтар сапында Виктор Осимхен гол соқса, алаң иелері сапында Санди Ловрич гол соқты.

Неаполитандықтар 80 ұпаймен кестенің бірінші сатысына орналасты. Турнирдің аяқталуына бес матч қалғанда клуб қуып келе жатқан "Лациодан" 16 ұпайға озып кетті.

Осылайша, Неаполь командасы 33 жылда алғаш рет Италия чемпионы атанды. Бұл "Наполидің" А сериясындағы үшінші жеңісі. Команда соңғы рет 1989/1990 жылғы маусымда ел чемпионы атанған болатын. Сол кезде клуб сапында шабуылшы Диего Марадона ойнады. Бұған дейін неаполитандықтар бір-ақ рет – 1986/1987 маусымында жеңіске жеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети