"Абердин" "Қайрат" клубымен кездесуге арнайы жалдаған қазақстандық аудармашыға айыппұл салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Абердин" "Қайрат" клубымен кездесуге арнайы жалдаған қазақстандық аудармашыға айыппұл салды © "Қайрат" клубының ресми сайты

Шотландиялық "Абердин" командасы Еуропа Лигасындағы алматылық "Қайрат" клубымен өтетін кездесуге жалдаған қазақстандық аудармашыға айыппұл салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шотландиялық "Абердин" командасы Еуропа Лигасындағы алматылық "Қайрат" клубымен өтетін кездесуге жалдаған қазақстандық аудармашыға айыппұл салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Абердин" үшінші квалификациялық раунд аясында Шотландияда өтетін ойынға тараздық мұғалім Ернар Ақшабаевты жалдаған. Ол қазір "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда оқып жатыр.

"Жігітке "Абердин" клубының атынан баспасөз мәслихаттарында аудармашы болу үшін ақша төлеуге уәде берілген. Ол өзіне тиесілі ақшаны толығымен ала алмады. Шотландиялық клубтың басшыларының айтуынша, аудармашы "Қайрат" командасына жақтасқан, сондықтан айыппұл салынды", - деп жазылған клубтың ресми сайтында.

"Қайраттың" баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, Ақшабаев ақшасын толық алмаса да, өз жұмысына көңілі толған.

Еске сала кетейік, бұл кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Дегенмен, Алматыда өткен матчта 2:1 есебімен жеңген "Қайрат" Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шықты, ол енді Францияның "Бордо" командасымен ойнайды.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети