ӘЧ-2014: 1/4 финалға шыққан соңғы команда - Бельгия

ПОДЕЛИТЬСЯ

ӘЧ-2014: 1/4 финалға шыққан соңғы команда - Бельгия

Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының 1/4 финалына берілетін соңғы жолдама АҚШ құрамасын тізе бүктірген Бельгия командасына бұйырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ге сілтеме жасап.

Сальвадордағы "Арена Фонте-Нова" стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен бельгиялық аяқдоп шеберлерінің пайдасына шешілді. Барлық голдар қосымша уақытта соғылды. Алғашқы овертайм басталысымен-ақ Кевин де Брюйне АҚШ құрамасының қақпасынан саңылау тапты. Ал ойынның 105-ші минутында де Брюйненің берген пасын Лукаку Ховард қорғаған қақпа торына тоғытып, есепті еселеді. Ойынның 107-минутында АҚШ құрамасының футболшысы Джулиан Грин қарымта гол соқты. Қорытынды есеп - 2:1.

Сонымен 1/4 финал ойындарында Бельгия құрамасы Аргентина командасымен күш сынасатын болады. Бұл кездесу 5 шілдеде өтеді. Естеріңізге сала кетсек, аргентиналықтар овертаймның соңғы минуттарында гол соғып, швейцариялықтарды қапы қалдырған болатын.

1/4 финал ойындарында өзара күш сынасатын жұптар мыналар:

Франция - Германия (4 шілде);

Бразилия - Колумбия (5 шілдеге қараған түні);

Нидерланды - Коста-Рика (6 шілдеге қараған түні).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети