ӘЧ-2014 ойындарында Эквадор Гондурастан басым түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ӘЧ-2014 ойындарында Эквадор Гондурастан басым түсті

 Футболдан ӘЧ-2014 ойындарында Е тобындағы Эквадор құрамасы Гондурастан басым түсті, деп хабарлайды  Tengrinews.kz  Vesti.kz порталына сілтеме жасай отырып. Матчты тікелей эфирден "Первый канал "Евразия" арнасы көрсетті.

Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Эквадор құрамасының жартылай қорғаушысы Эннер Валенсия дубль жасады. Ол қарсылас команданың қақпасына ойынның 35 және 65-минутында гол соқты. 

Гондурастықтар бір гол соқты. Голдың авторы Карло Костли.

Бұған дейін Е тобында Франция құрамасы швейцарлықтарды ойсырата ұтқан болатын. Сонымен бұл квартетте Франция 6 ұпаймен алда келеді. Швейцария мен Эквадор құрамаларының еншісінде 3 ұпайдан. Гондурас құрамасында 0 ұпай. 

Бразилияда футболдан әлем чемпионаты 12 маусымда басталды, 13 шілдеде мәресіне жетеді. Әлем біріншілігінің ақтық бөлімінде 32 ұлттық құрама ойнайды. Қазақстандық көрермендер үшін футболдан әлем чемпионатын KazSport, "Қазақстан" және Первый канал "Евразия" арналары тікелей эфирден көрсетеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети