ӘЧ-2018 іріктеу кезеңі: Қазақстан құрамасы Польшамен тең ойнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ӘЧ-2018 іріктеу кезеңі: Қазақстан құрамасы Польшамен тең ойнады © Reuters

Футболдан Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің бірінші ойынында Польшамен тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің бірінші ойынында Польшамен тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін "Астана Арена" стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Ойын барысында қазақстандық футболшылар екі доп айырмасымен жеңіліп жатқан еді. 

Бірінші тайм поляктардың басымдығымен өтті. Есеп тоғызыншы минутта-ақ ашылды. Жартылай қорғаушы Бартош Капустка көзге түсті. 

Ал 18-ші минутта командалар арасында текетірес болды, оның барысында Роберт Левандовски мен Сергей Малый ескерту алды. 

31-ші минутта Аркадиуш Милик қақпа бағанасына дәл тигізді. Ал 35-ші минутта поляктар екінші голды соқты. Қорғаушы Елдос Ахметов айып алаңында Левандовскиді құлатты. Поляк ойыншысы 11 метрлік айып добын сәтті орындады - 0:2. Сөйтіп, бірінші тайм осы есеппен аяқталды.

Ал екінші таймда Қазақстан құрамасының футболшылары есеп айырмасын қысқартып, кейін тіпті де тең есепке жеткізді. 51-ші минутта Сергей Хижниченко бірінші голын соқса, 58-ші минутта дубль тіркеді.

Қалған уақытта екі команда да қауіпті сәттер ұйымдастыра білді, қазақстандықтар да, поляктар да допқа сенімді иелік ете бастады. Мәселен Якуб Блащиковски 84-ші минутта штангаға тигізді.

Осылайша, Қазақстан мен Польша 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бір-бірден ұпай алды. Сонымен қатар, қазақстандықтар бірінші рет поляктармен тең ойнады - осыған дейін бұл командадан құрамамыз үш рет жеңілген болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети