17 маусым 2014 20:37

ӘЧ-2014 - Алтыншы күн: ойындарды қайдан қарауға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Sport-xl.org ©Sport-xl.org

17 маусым - Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының алтыншы күні үш ойын болады: Бельгия - Алжир, Бразилия - Мексика және Ресей - Оңтүстік Корея. Тengrinews.kz футбол кездесулерін қай арнадан тамашалауға болатынын назарларыңызға ұсынады.

Қазақстандық жанкүйерлер бұл ойындарды "Қазақстан", KAZsport және "Еуразия" Бірінші арнасы" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Н тобындағы Бельгия - Алжир құрамалары кездесуінің трансляциясы Астана уақыты бойынша сағат 21.15-те басталады. Оны "Қазақстан" және KAZsport арналарынан көруге болады.

Бұл телеарналар осы топтағы Ресей мен Оңтүстік Корея арасындағы ойынды да көрсетеді. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 03.15-те (18 маусым) басталады.

"Еуразия" Бірінші арнасы" Бразилия мен Мексика командалары арасында өтетін топтық кезеңнің екінші турының алғашқы ойынын ұсынады. Оның басталуы - Астана уақыты сағат 00.40-та (18 маусым). 

Әлем біріншілігі кездесулерінің толық кестесі мен турнирлік кестесін қарауды ұмытпаңыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети