19 маусым 2014 09:58

ӘЧ-2014: Хорватия Камерунды ойсырата жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық кездесуінде Хорватия құрамасы Камерун құрамасын ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ге сілтеме жасап.


Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық кездесуінде Хорватия құрамасы Камерун құрамасын ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ге сілтеме жасап.

Манаустың "Амазония" стадионында өткен "А" тобындағы ойын 4:0 есебімен аяқталды. Голдың авторлары - Ивица Олич, Иван Перишич және Марио Манджукич (екі доп).

Сонымен бір жеңілісі мен бір жеңісі бар Хорватия топтық кезеңнен плей-офф турниріне өту мүмкіндігін сақтап қалды. Ал екі ойында да жеңіліс тапқан Камерун ондай мүмкіншіліктен біржолата айырылды.

ӘЧ-2014 12 маусымда басталып 13 шілдеде мәресіне жетеді. Теңбіл доп додасының финалдық бөлігіне 32 ұлттық құрама қатысуда. Қазақстандық жанкүйерлер үшін әлем чемпионаты KazSport, "Қазақстан" және "Евразия" Бірінші арнасы арқылы көрсетіледі.

ӘЧ-2014 жеңімпазы 35 миллион долларды қанжығасына байлайтын болады. Екінші орын үшін сыйақы мөлшері - 25, үшінші орынға - 22 миллион доллар. Доданың фавориттері Бразилия (бұған дейін 5 рет жеңген), Италия (төрт рет), Германия (үш рет), Аргентина (екі рет).

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети