24 маусым 2014 | 17:42

ӘЧ-2014: Италия - Уругвай кездесуін қай арна көрсетеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: www.prognozist.ru Фото: www.prognozist.ru

Бразилиядағы әлем чемпионатының он үшінші күнінде "D" және "C" тобындағы үшінші тур ойындары өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бразилиядағы әлем чемпионатының он үшінші күнінде "D" және "C" тобындағы үшінші тур ойындары өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Он үшінші ойын күнін "D" тобындағы командалар бастайды. Астана уақытымен 21.50-де басталатын Италия және Уругвай құрамалары арасындағы кездесуді "Қазақстан" мен KazSport арналары тікелей эфирде көрсетеді. Екі командаға да жеңіс керек. Өйткені екі құраманың сапында да 3 ұпайдан бар. Егер бұл кездесу тең аяқталып жатса, доп айырмашылығы бойынша Италия плей-офф кезеңіне шығады. 

Бұл топтағы Коста-Рика және Англия құрамалары арасындағы матчты "Еуразия" Бірінші арнасы" тікелей таратады. Негізіген бұл матчтың екі құрама үшін де маңызы жоқ десек болады. Англия құрамасы алғашқы екі кездесуде де жеңіліп, плей-оффтық кезеңге шығудан үміттерін үзсе, керісінше Коста-Рика құрамасы алғашқы екі мачта да сенсация жасап жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алып қойған. Бірақ қай орынмен екені әлі де белгісіз болып тұр. Егер бұл екі құраманың арасындағы кездесу тең аяқталатын болса, онда Коста-Рика құрамасы "D" тобында бірінші орынмен келесі кезеңге өтеді. 

Ал Астана уақыты бойынша сағат 01.50-де "С" тобындағы ойындар басталады. Бұл топтағы Грекия және Кот-д-Ивуар арасындағы кездесуді тікелей көрсетеді. Дәл осы уақытта "Еуразия" Бірінші арнасы" бұл топтағы Жапония және Колумбия арасындағы матчты ұсынады.

Еске салайық, 12 маусымда басталған футболдан әлем чемпионаты 13 шілдеге дейінгі аралықта Бразилияның 12 қаласында өтеді. Чемпионаттың толық кестесімен мына жерден танысуға болады

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети