Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының 1\8 финал ойынында Коста-Рика құрамасы Греция командасын қапы қалдырды. Кездесу 29 маусым күні болып өтті" - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.

Нидерландының ПСВ командасында доп тебетін Коста-Рика құрамасының шабуылшысы Брайан Руис Гонсалес ойынның 52 минутында есеп ашты. Алайда кездесудің 66 минутында төреші коста-рикалықтардың бір ойыншысын алаңнан қуды. Ойынның екінші кезеңіне қосылған уақыттың алғашқы минутында Сократис Папастатопулос коста-рикалықтардың қақпасына гол соғып, гректер есепті теңестірді.
Қосымша ойын уақыты да жеңімпазды анықтай алмағандықтан, ойын тағдыры 11 метрден доп тебу нәтижесінде шешілді. Бұл бәсекеде коста-рикалықтар мергендік танытып, 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Футбол тарихында бұл костарикалықтардың 1\4 финал ойындарына алғаш шығуы. Енді Коста-Рика құрамасы 1\4 финалда Голландия құрамасымен бақ сынайды. Естеріңізге сала кетсек, Голландия құрамасы 2:1 есебімен Мексика командасын ұтқан болатын.
Бұл биылғы мундиалдағы Коста-Рика құрамасының алғашқы тосын сыйы емес. Естеріңізге салса кетсек, "өлім тобында" Италия, Англия және Уругвай командаларымен күш сынасқан костарикалықтар өз тобында бірінші орын алған болатын.