ӘЧ-2014 ойындарында Колумбия құрамасы Кот-д'Ивуардан басым түсті

20 Маусым 2014, 10:43
0
ӘЧ-2014 ойындарында Колумбия құрамасы Кот-д'Ивуардан басым түсті - Колумбия - Кот д'Ивуар матчынан көрініс
Колумбия - Кот д'Ивуар матчынан көрініс

Бразилияда футболдан өтіп жатқан ӘЧ-2014 ойындарынының топтық матчында Колумбия құрамасы Кот-д'Ивуар құрамасынан басым түсті, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасай отырып. 

Бразилианың Ұлттық стадионында өткен С тобындағы командалардың кездесуінде Колумбия құрамасы қарсыласын 2:1 есебімен жеңді. Хамес Родригес Колумбия құрамасын 64-минутта алға шығарды. 6 минуттан кейін Хуан Кинтеро екінші допты салды. Кот-д'Ивуар құрамасының ойыншысы Жервиньо матчтың 73-минутында бір гол соқты. 

Колумбия құрамасы әлем чемпионатында Грекия құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, С тобында 6 ұпаймен көш бастап тұр. Кот-д'Ивуар командасы Жапония құрамасын жеңіп, топта екінші орында келе жатыр. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай